Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Басты

Қырымбет селолық округінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Беркінәлі Қазыбек Қайырлыұлы

Біз Қырымбет селолық округінің ресми сайты сіздерге бос және оперативтық, объективтық дәл, ақпараттарды табасыздар деп ойлаймыз, жаңа іскер достармен танысамыз деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 


ПЕРЕЧЕНЬ 2023 с извещением

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 72-17 «2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет  ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 72-17 шешіміне (2021 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджеті осы шешімнің қосымшасына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 40 427мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 000мың теңге;салықтық емес түсімдер – 0;негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімі – 39 427мың теңге;
2) шығындар – 40 610,9 мың теңге

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:бюджеттік кредиттер 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу ;

4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0: 

қаржылық активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 183,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 183,9 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0;    

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –183,9 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021  жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (ZIP 23 Kb)

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021  жылғы 8 қаңтардағы № 72-17 «2021-2023  жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің  бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихаты шешімінің жобасына пресс-релиз

Осы шешімді қабылдау қажеттігі туындаса 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-1 бабына сәйкес жүргізіледі және ауданның жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге арналған.

Ғабит Мүсірепов ауданы мәслихатының «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 72-17 «2021-2023  жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің  бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. салыстырмалы кесте, түсіндірме жазбаны мен пресс-релиз қоса отырып. Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы 8  ақпандағы ұсыныстары.

Ауылдық округі әкімі Қ.Беркінәлі

Түсіндірме жазба «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 72-17 «2021-2023 жылдарға арналған  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің  бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты шешімінің жобасына

Қырымбет ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетін нақтылау бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-1 бабына сәйкес жүргізіледі. Ауылдық округ бюджетін нақтылау көздері:

І. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан 183,9 мың теңге сомасында бюджет қаражатының бос қалдықтарын қайта бөлу.

Арттыру:

-124.008.015 «Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» бағдарламасы 183,9  мың теңге сомасына;

-124.014.029 «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» бағдарламасы  28 058  мың теңге сомасына;

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 72-17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталына жария талқылау.

Ауылдық округі әкімі Қ.Беркінәлі

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 72-17 «2021-2023  жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің  бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық  мәслихаты шешімінің жобасына салыстырмалы кестесі

Құрылымдық элемент

Іс-әрекеттегі редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

1 тармақ

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12 369 мың теңге: 
салықтық түсімдер – 1 000 мың теңге;                                                                              салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімі – 11 369  мың теңге;                                                                                       2) шығындар – 12 369 мың теңге; 

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0: 
бюджеттік кредиттер – 0; 
бюджеттік кредиттерді өтеу-0;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржылық активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджеттік тапшылығы (профициті) – 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0:
қарыздар түсімі – 0;қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.».

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы  Қырымбет ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 
1) кірістер – 40 427 мың теңге: салықтық түсімдер – 1 000 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер  түсімі – 39 427  мың теңге;
2) шығындар – 40 610,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0:
бюджеттік кредиттер - 0;   
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо-0:
қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 183,9 мың теңге;  
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 183,9 мың теңге; 
қарыздар түсімі – 0;                                                қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 183,9 мың теңге». 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  6-бабы 1-тармағы

1) тармақшасына сәйкес

Ауылдық округі әкімі Қ.Беркінәлі

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Қырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі

«2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ғабит Mүcipeпoв aтындaғы аудандық мәслихаты шeшiмiнiң жобасына
пресс-релиз

Осы шeшiмдi кабылдау кажеттігі туындаса 2008 жылғы 4 жeлтoкcaндaғы Қазақстан Республикасының Бюджет кoдeкciнiң 109-1 бабына сәйкес жүpгiзiлeдi және ауданның жepгiлiктi мeмлeкeттiк органдардың мiндeттepi мен функцияларын каржылай қамтамасыз етуге apнaлғaн.

«2021-2023 жылға apнaлғaн Габит Mүcipeпoв aтындaғы ауданы Бірлік ауылдык oкpугiнiң бюджeтiн бeкiту туралы» мәслихат шeшiмiнiң жобасы ашык нормативті-кұкықты aктiлep интернет-порталында 2020 жылғы 4 желтоқсандағы орналастырылған, 2020 жылғы 22 желтоқсандағы дейін өзекті.

Бюджет жобасы бойынша бір түсініктеме орналастырылды, оған жауап берілді.

Коғамдык кeңecтiң 2020 жылғы 23 желтоқсандағы ұсыныстары.

Ауылдық округінің әкімі: Қ. Беркінәлі

Түсіндірме жазба
«2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау қажеттілігі туралы

Қырымбет ауылдық округінің бюджетін 2021 жылға нақтылау бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру және бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-1 бабына сәйкес жүргізіледі.

КІРІСТЕР

2021 жылға ауылдық округтің бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі 1 000 мың теңге сомасына белгіленді, олар салықтық түсімдерден тұрады. Салықтық түсімдердің негізгі мүлік салығы (1,1 пайыз), көлік құралдарына салынатын салық (84,8 пайыз), жер салығы (14,1 пайыз) болып табылады. Аудандық бюджетке түсетін өзіндік түсімдердің болжамды көлемі 2022 жылға – 1 040 мың теңге, 2023 жылға – 1 081 мың теңге.

Мүлік салығы

2021 жылы жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығының болжамы Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген ставка бойынша 2017-2018 жылдардағы түсімдердің және 2019 жылғы ағымдағы төлемдердің динамикасын ескере отырып, жылжымайтын мүлікті бағалау орталығының мәліметі бойынша мүлік құнына сүйене отырып 6 мың теңге сомасына есептеледі.

2022 жылы – 6 мың теңге, 2023 жылы – 6 мың теңге.

Жер салығы

2021 жылы 75 мың теңге көлемінде жер салығын есептеу 2018-2019 жылдардағы түсімдер динамикасына сәйкес жүргізілді. 2022 жылы – 78 мың теңге, 2023 жылы – 81 мың теңге.

Көлік құралдарына салынатын салық

Көлік құралдарының салығы 2021 жылы 919 мың теңге құрайды. Бұл салық түрі жол полициясы ұсынған қозғалтқыш көлемі бойынша түрлері, топтары, жүк көтергіштігі, отырғызу орындары кесімінде көлік құралдарының санына сүйене отырып, Салық кодексіндегі өзгерістерді ескере отырып (пайдалану мерзімі түзету коэффициенттерін қолданбай) есептелді. Бұл ретте көлік құралдарының жалпы санынан салық заңнамасына сәйкес жеңілдіктер берілетін заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдары алынып тасталады. Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық болжамы 2021 жылы – 100 мың теңге, 2022 жылы – 104 мың теңге, 2023 жылы – 108 мың теңге. Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 2021 жылы – 819 мың теңге, 2022 жылы – 852 мың теңге, 2023 жылы – 886 мың теңге.

Аудандық бюджеттен трансферттер

2021 жылы аудандық бюджеттен субвенциялардың жалпы сомасын 11 369 мың теңге құрайды.

2021 жылы аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер жалпы сомасын 700 мың теңге құрайды.

ШЫҒЫНДАР

Еңбекақы төлеу қоры бойынша шығындар көлемі 2021 жылғы 1 қаңтарға Бірлік ауылдық округі аппаратының штат кестеніне сәйкес есептелген. Әлеуметтік салық 6 %, міндетті әлеуметтік сақтандыруға шығындар – 3,5 %; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға – 2 % мөлшерінде есептелді. 2022-2023 жылдарға 2021 жылдың деңгейінде есептелді.

Өзге де шығындар 2021-2023 жылдардағы инфляция коэффициентін қолдана отырып есептелді – 1,04 %.

2021 жылға бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 12 369 мың теңге, 2022 жылға – 12 864 мың теңге; 2023 жылға – 13 379 мың теңге құрады.

2021 жылға бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындар:

124.001.000 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 12 169 мың теңге;

124.008.000 «Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» - 200 мың теңге.

Ауылдық округінің әкімі: Қ. Беркінәлі

2021-2023 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

2021-2023 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 12 369 мың теңге:

  • салықтық түсімдер – 1 000 мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер – 0;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
  • трансферттер түсімі – 11 369 мың теңге;

2) шығындар – 12 369 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:

  • бюджеттік кредиттер – 0;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

  • қаржылық активтерін сатып алу – 0;
  • мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджеттік тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0:

  • қарыздар түсімі – 0;
  • қарыздарды өтеу – 0;
  • бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес, 2021 жылға арналған ауылдық округтің бюджеті келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатындығы белгіленсін:

1) ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

  • дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
  • қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;

2) ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

3) ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

4) мыналардан:

  • тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;
  • өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы.

Аудандық бюджеттен ауылдық бюджетке берілетін субвенциялар көлемі 11 369 мың теңге құрайды.

4. Бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақыны толық көлемде төлеу қамтамасыз етілсін. 

5. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (ZIP 46 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
сессиясының төрайымы
Д. Сулейменов

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
хатшысы Е. Әділбеков

Пресс-релиз

Осы шешімді қабылдау қажеттігі туындаса 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-1 бабына сәйкес жүргізіледі және ауданның жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге арналған.

Ғабит Мүсірепов ауданы мәслихатының «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы №56-6 «2020-2022 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. салыстырмалы кесте мен түсіндірме жазбаны қоса отырып, 2020 жылдың 7 ақпаннан 21 ақпанға дейін әрекет етеді.

Бұл жоба бойынша ұсыныстар, ескертулер және түсінікмелер жоқ.

Қоғамдық кеңестің 2020 жылғы 12 ақпандағы ұсыныстары.

https://legalacts.egov.kz/list?searchValue 

Жоба

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы №56-6 «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 56-6 шешіміне (2020 жылғы 10 каңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5914 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 28 062 мың теңге:

  • салықтық түсімдер – 1 055 мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер – 0;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер– 0;
  • трансферттер түсімі – 27 007 мың теңге;

2) шығындар – 28 062 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:

  • бюджеттік кредиттер - 0;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:

  • қаржы активтерін сатып алу - 0;
  • мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0:

  • қарыздар түсімі – 0;
  • қарыздарды өтеу – 0;
  • бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының сессиясының төрағасы хатшысы Н. Синдякина

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы Е. Әділбеков Ғабит Мүсі атындағы аудандық мәслих хатшыс Е. Әділбеков

Түсіндірме жазба

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы №56-6 «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты шешімінің жобасына

Қырымбет ауылдық округінің 2020 жылға арналған бюджетін нақтылау бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-1 бабына сәйкес жүргізіледі. Ауылдық округ бюджетін нақтылау көздері:

І. Аудандық бюджеттен түсетін трансферттер түсімдерінің ұлғаюы есебінен кірістерді 1900 мың теңгеге ұлғайту , оның ішінде:

Арттыру:

- 402301 «Ағымдағы нысаналы трансферттер» коды бойынша 1900 мың теңге сомаға.

IІ. Аудандық бюджеттен түсетін трансферттер түсімдерінің ұлғаюы есебінен 1900 мың теңгеге, оның ішінде:

Арттыру:

-124.009.029 «Елді мекендерді аббатандыру және коғалдандыру» бағдарламасы 1900 мың теңге сомасына.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы №56-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталына жария талқылау үшін 2020 жылғы 7 ақпанда енгізілді. 2020 жылғы 21 ақпанға дейін өзекті.

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы №56-6 «2020-2022 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихаты шешімінің жобасына салыстырмалы кестесі

Құрылымдық элемент Іс-әрекеттегі редакция Ұсынылатын редакция Негіздеме
1 1 тармақ «1. 2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 26 162 мың теңге: салықтық түсімдер – 1 055 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0; трансферттер түсімі – 25 107 мың теңге; 2) шығындар – 26 162 мың теңге;3) таза бюджеттік кредиттеу – 0: бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу-0; 4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0: қаржылық активтерін сатып алу – 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджеттік тапшылығы (профициті) – 0; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0: қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0». «1. 2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 28 062 мың теңге: салықтық түсімдер – 1 055 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0; трансферттер түсімі – 27 007 мың теңге; 2) шығындар – 28 062 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0: бюджеттік кредиттер - 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо-0: қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0: қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0». Қазақстан Республикасының 2008 жылғы4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы1) тармақшасына сәйкес

Пресс-релиз

Осы шешiмдi қабылдау қажеттiгi туындаса 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 109-1 бабына сәйкес жүргiзiледi және ауданның жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге арналған.

Ғабит Мүсiрепов ауданы мәслихатының «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 56-6 «2020-2022 жылға арналған Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы» шешiмiнiң жобасы ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында орналастырылған. салыстырмалы кесте мен түсiндiрме жазбаны қоса отырып, 2020 жылдың 8 ақпаннан 22 ақпанға дейiн әрекет етедi.

Бұл жоба бойынша ұсыныстар, ескертулер және түсiнiкмелер жоқ.

Қоғамдық кеңестiң 2020 жылғы 12 ақпандағы ұсыныстары.

Ауылдық округi әкiмi Қ. Беркiнәлi

Қырымбет ауылдық округ әкімі округ елдімекендеріне барып тұрғындарды жеке қабылдау Кестесі

ФИО лица,проводящего прием Наименование населенного пункта Дата и место проведения
1 Беркінәлі Қ.Қ. с. Сокологоровска Первая и последняя среда каждого месяца
кабинет специалиста по АСП
3 Беркінәлі Қ.Қ. с. Кырымбет Ауылдық окуруг әкімінің кабинеті акима сельмкого

Халық санағы

Халық санағы

Пресс-релиз «2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» аудандық мәслихаттың шешiмiн қабылдау қажеттiлiгi туралы (ZIP 16 Kb)

Переход на контрольно-кассовые машин с функцией фиксации и (или) передачи данныхОнлайн-БКМ міндетті орнату

 Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу

Бірыңғай жиынтық төлем жалпы соманың төлеміне жатады. Бірыңғай жиынтық төлемді ақшалай немесе банктер және жекелеген банк қызметін көрсететін ұйымдар арқылы төлейді. Ол мемлекеттік корпорацияның банк есеп-шотына төленеді. Бұл 2016 жылдың 26 шілдесіндегі «Төлемдер және төлемдер жүйесі туралы» ҚР Заңының талабы.

Бұл орайда көрсетілген ұйымдар бірыңғай жиынтық төлемді оның көлемі бірыңғай жиынтық төлем көлеміне сәйкес келмесе қабылдамайды. Оның көлемі:

Төлеушінің төлейтін бірыңғай жиынтық төлемінің көлемі: республикалық маңызы бар қалаларда, елордада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде белгіленген;

Ауылды мекендерде — 0,5 АЕК көлемінде.

БЖТ төлеу барысында айлық есептік көрсеткіш көлемі, республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген қаржылық жылдың көрсеткішмен сәйкес болуы керек.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер өз бетінше төлей алады немесе олардың пайдасы үшін үшінші тұлға төлейді. Бірыңғай жиынтық төлемді жасалып отырған айды көрсетіп, «ММГГГГ» форматында яғни айын, жылын көрсетіп төлейді.

Сонымен қатар ағымдағы және келер айдың төлемін қосып БЖТ төлеуге болады.

Бірыңғай жиынтық төлемді аударудың және үлестірудің тәртібі.

Банктер мен жекелеген банк қызметтерін көрсететін ұйымдарға түскен бірыңғай жиынтық төлемдер МТ-102 электронды төлем тапсырмасы бойынша Мемлекеттік корпорацияға аударылады.

МТ — 102 төлем тапсырмасының форматына бірыңғай жиынтық төлем төлейтін тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, жөні, тұлғаның туған күні, айы, төлемнің көлемі кіреді.

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілер зейнетақымен қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ҚР заңдарына сәйкес, әлеуметтік төлемдерден босатылып, бір жерден төлем жасалып Мемлекеттік корпорацияға жеке табыс салығы ретінде аударылады. Ол төлеушінің тұрғылықты жерінің бюджетіне сәйкес бюджеттің саралану кодына сәйкестендіріп төленеді.

ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңдарына сәйкес, әлеуметтік төлемдерден босатылған тұлғалар туралы мәлімет ЕХӘҚМ Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен беріледі.

Мемлекеттік корпорация қаражат түскен күннен бастап үш операциялық күні ішінде БЖТ сомасын үлестіріп, тиісті салаларға аударады:

  • БЖТ-ң 10% — жеке табыс салығы;
  • 20 % — әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;
  • 30 % — Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы
  • 40 % — міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;
  • БТЖ төлей отырып, бірден зейнетақы жүйесі, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде тіркеледі.

БЖТ-ң үлестірілген сомалары әлеуметтік төлем және жеке табыс салығы түріне қарамастан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациямен аударылады, бұл орайда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылдың 31 тамыздағы № 203 «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес,(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелді) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарымен төлем белгіленген.

Әлеуметтік төлемдер бойынша электронды төлемдер тапсырмасына төлем жасау кезеңіндегі бірыңғай жиынтық төлем төйлейтін жеке тұлғалардың тізімі ұсынылады.

Мемлекеттік корпорация күн сайын аударылған БЖТ төлемдері бойынша ЕХӘҚМ Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жеке тұлғалардың тізімін ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетіне жолдап отырады. Ол жерде ЖСН, Аты-жөні, туған күні,айы, төлем жасаған айлар,жеке табыс салығы аударылған аймақтық мемлекеттік кіріс органдарының кодтары(БИН) ұсынылады.

Мемлекеттік корпорациямен БЖТ аясында жеке табыс салығын үлестіру Жеке тұлғалардың мәліметтерінің мемлекеттік базасының және мемлекеттік кіріс органдарының кодтарының анықтамасының мәліметтеріне сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік кіріс органдарының кодтарының анықтамасын жаңарту Мемлекеттік кіріс комитетімен жүзеге асады.

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz