24 әлеуметтік маңызды қызметті онлайн алуға болады

24 көрсетілетін қызмет, олардың басым бөлігі бұл ел тұрғындарына жәрдемақы немесе әлеуметтік көмек тағайындау «электрондық үкімет» порталында қолжетімді болды.

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін бірінші кезекте порталда авторлану қажет, содан кейін порталдың басты бетінде «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке тапсырыс беру қажет. Одан әрі ашылған терезеде «Құру» батырмасын басу керек. Одан кейін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында қажетті көрсетілетін қызметті таңдап, қажетті жолдарды толтыру. «Алушы» бағанында ұсынылған тізімнен мемлекеттік органды таңдау қажет. Содан кейін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды қоса тіркеп, өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.

«Электрондық өтініштер» сервисінің көмегімен мынадай көрсетілетін қызметтерді алуға болады: бала жасынан бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу, Мүгедектерге кресло-арбалар беру, көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және т.б.

Қажетті құжаттар тізімімен және өтініш үлгісімен қызметті таңдаған кезде көрсетілетін сілтеме бойынша өтіп, порталда танысуға болады.

Көрсетілетін қызметтерді мына сілтеме бойынша алуға болады: https://egov.kz/cms/kk/services/citizen_and_the_government/e_app 

27.08.2020
Қаралым саны: 560
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz