Бүгін біз сіздерге паспорт және жеке куәлікті алу қызметін қалай пайдалану керектігі туралы айтамыз

Достар!

Бүгін біз сіздерге паспорт және жеке куәлікті алу қызметін қалай пайдалану керектігі туралы айтамыз. Ол үшін:

1. eGov.kz порталында авторизациядан өту;

2. "Азаматтық, көші-қон және иммиграция" бөлімін таңдау;

3. "ҚР паспорты және жеке куәлігі" кіші бөлімінде қажетті қызметті таңдау;

4. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу;

5. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қою қажет.

Өтінімге келесі құжаттарды тіркеу керек:

-фотосурет

-қолтаңба үлгісі.

6. Қажет болған жағдайда, қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж төлеңіз

7. "Электрондық үкіметтің "Төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өту арқылы төлем жүргізу;

8. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы " бөлімінде) сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет.

Маңызды! Портал арқылы қызметті жеке басын куәландыратын құжатты (яғни жеке куәліктің берілген күні 01.01.2015 жылға дейін болуы тиіс) және паспортты (яғни, паспорттың берілген күні 01.01.2010 жылға дейін болуы тиіс) жаңа үлгідегі құжатқа ауыстырған жағдайда ғана алуға болады. Қалған жағдайларда (оның ішінде құжаттың мерзімі аяқталғанда, жеделдеткені үшін ақы төлеу, тегін, атын, әкесінің атын ауыстырған кезде, ұрланған және жоғалған кезде, жеке куәлік берілген күні кезінде – 01.01.2015 және паспорт – 01.01.2010) қызмет тек "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-та немесе уәкілетті органда көрсетіледі.

Назарларыңызға рахмет!

22.01.2021
Қаралым саны: 886
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz