Жұмыссыз ретiнде тұлғаларды тiркеу

Жұмыссыз ретiнде тұлғаларды тiркеуЕгер сiз жұмыссыз қалған болсаңыз, ең алдымен жұмыссыз ретiнде тiркелгенiңiз жөн. Ал бiз сiзге тiркелудiң оңай да онлайн жолын бүгiнгi #oqy&toqy айдарында айтып беремiз.

Egov.kz порталына кiрiңiз;

Iздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретiнде тұлғаларды тiркеу» қызметiн табыңыз;

Қызметтi онлайн сұратыңыз;

Өзiңiз жайлы мәлiметтердi толықтай толтырыңыз;

Қажеттi бөлiмдi таңдап, мекенжайыңызды растаңыз;

Екiншi қадамда жұмыссыз қалғаныңыз, бiлiмiңiз және жұмыс өтiлiңiз туралы деректердi толтырыңыз;

Үшiншi қадамға өтiп, өтiнiшке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;

Өтiнiш статусын жеке кабинетiңiздегi қызметтер тарихынан бақылап отырыңыз.

Егер сiзде «Оралман» мәртебесi болса, сiз жұмыссыз ретiнде тек құзырлы органға келесi құжаттарды тапсыру арқылы тiркеле аласыз.

Өтiнiш;

Жеке басыңызды куәландыратын құжат;

Егер еңбек қызметiңiздi растайтын құжат бар болса.

Бiлiмi, бiлiктiлiгi, арнайы бiлiмiнiң болуы немесе кәсiптiк дайындығы туралы құжаттар бар болса өзiңiзбен ала баруды ұмытпаңыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметi

19.08.2020
Қаралым саны: 554
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz