Тұрғылықты жер бойынша емханаға тiркелу

Тұрғылықты жер бойынша емханаға тiркелу🔑

Елiмiзде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейiн емханаға тiркелу науқаны басталып кеттi. Сiз өз емханаңызға тiркелiп үлгердiңiз бе? Үлгермесеңiз, бiз бүгiнгi #oqy&toqy айдарында оны оңай да онлайн жүзеге асыру жолын көрсететiн боламыз.

✅ Еgov.kz порталы арқылы:

📌Egov.kz порталына кiрiңiз;

📌Iздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымға бекiту» деген қызмет атауын терiңiз;

📌Қызметтi онлайн сұратыңыз;

📌Бiрiншi қадамда сiз кiмдi тiркейтiнiңiз (балаңыз/өзiңiз) және тұрғылықты жерiңiз туралы ақпаратты енгiзесiз;

📌Медициналық ұйым атауын және дәрiгерiңiздiң аты-жөнiн таңдаңыз;

📌Мекенжайыңыз бен байланыс нөмiрiңiздi көрсетiңiз;

📌Келесi қадамда енгiзген мәлiметтерiңiздiң дұрыстығын тексерiп, қызмет мәртебесiмен таныс болыңыз;

📌Нәтиженi жеке кабинетiңiздегi қызметтер тарихынан бiле аласыз.

✅ Телеграм бот арқылы:

📌Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кiрiңiз;

📌Теру жолынан көрсетiлетiн қызметтер тiзiмiн ашыңыз;

📌Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;

📌Медициналық ұйымға месенджер ақылы тiркелу батырмасын басыңыз;

📌Қызметтi кiмге алатыныңызды көрсетiңiз;

📌Мекенжай мәлiметтерiн растаңыз;

📌Тұрғылықты өңiрiңiздi көрсетiңiз;

📌Емхананы таңдаңыз;

📌Тiркелу себебi мен дәрiгердiң аты-жөнiн көрсетiңiз;

📌Бот сiздiң өтiнiшiңiздiң нөмiрi мен тiркелгендiгiңiз туралы ақпаратты бiрден көрсетедi.

✅ Емхана арқылы:

📌Жеке куәлiк және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тiркеу бөлiмiне көрсетiп, өтiнiш қалдырыңыз.

📍Қызмет көрсету мерзiмi — 1 жұмыс күнi

📍Қызмет нәтижесi:

❇️Емханаға тiркелгендiгi туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.

☝️Ескерту, қызметтi алмас бұрын тiркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрiгердiң аты-жөнiн алдын ала бiлiп алған абзал.

📍Емханаға тiркелген кезде, бұрыңғы тiркеуден автоматты түрде шығасыз.

Дендерiңiз сау болсын, өзiңiздi күтiп, қызметтi үйден алыңыз!❤

09.10.2020
Қаралым саны: 582
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz