Жылжымайтын мүлік объектілерінің қате мәліметтерін түзетуге өтінім беру онлайн мүмкін болды

Қызметті алу үшін Порталда авторизациядан өту қажет, содан кейін Порталдың басты бетінде «Азаматтарға» бөліміне өтіп, «Жылжымайтын мүлік» санатын таңдау қажет, содан кейін «Тұрғын үй қатынастары» бөліміндегі «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектілерінің қате мәліметтерін түзету» қызметі бойынша батырманы басып, Қызметке онлайн тапсырыс беру қажет.

Қате мәліметтерді түзетудің екі түрінің бірін таңдау мүмкіндігі бар:

  • Құқық белгілейтін құжат негізінде жылжымайтын мүлікке құқық жазбасына түзетулер енгізу;
  • Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы мен кадастрлық нөмірін түзетуді енгізу.

Өтінім беру үшін телефон нөмірін енгізіп, жылжымайтын мүлік түрлерінің бірін, оның мекенжайын таңдау қажет және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ расталғаннан кейін құжаттарды pdf, jpeg, jpg форматында тіркеу, құжаттың нөмірі мен күнін енгізу қажет. Сұрау салуға ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы қол қою қалады. МО сұрау салуды сәтті өңдеген кезде жеке кабинетке өтінімнің орындалуы туралы хабарлама келеді.

Қызметке мына сілтеме бойынша тапсырыс беруге болады: https://egov.kz/cms/ru/services/housing_relations/pass_mu_P3-20 

27.08.2020
Қаралым саны: 563
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz